Атырау қаласына қарасты Кеңөзек ауылдық округінде қарияларға құрмет көрсетілді.
Ақсақалдарға арналған шараға Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Ернар Өтешқалиев және «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов қатысты.
Шара аясында ұрпақ тәрбиесі, жастар тәрбиесі, қоғам бірлігі тақырыбында мәселелер көтеріліп, ұсыныстар талқыланды.
«Қарты бардың қазынасы бар. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп келген халқымыздың даналығы қоғамды тәрбиелейді. Біздің мақсатымыз осынау даналықты жас ұрпақтың бойына сіңіру» деп атап өтті кездесу барысында «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.