Атырауда мал базарларындағы мал сою пункттерінің санитарлық жағдайы тексерілді

amin.kz/ 25 шілде, 2020 жыл. Құрбан айт мейрамы қарсаңында Атырауда арнайы штаб құрылды. Ескертерлігі, Құрбан айт күндері Атырауда мал базарлары жұмыс істемейді.

Карантин жағдайына байланысты, Құрбан айт биыл ерекше жағдайда өтеді. Яғни, қазақстандықтарға құрбан малын онлайн режимде шалуға мүмкіндік жасалып отыр.

Атырау қалалық әкімдігі, Атырау қалалық полиция басқармасы, Атырау облысы дін істері басқармасы, облыстық «Иманғали» мешіті, өзге де тиісті органдар өкілдері Атырау қаласында жұмыс істеп жатқан бес мал базарын аралады.

«Кей базарларда мал сою пункттерінің санитарлық талаптарға мүлде сәйкес келмейтіндігі анықталды. Базар басшыларына кемшіліктерді түзеті бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Одан әрі қарай ұйымдастыру жұмыстары орталық «Иманғали» мешітінде жалғасты.

Еске сала кетелік, 31 шілде күні Құрбан айт мейрамы басталады.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.