Атырауда «Мәулімберген» мешітінде шәкірттерге құрмет көрсетілді

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде «Имани жаз» – 2024 жазғы сауат ашу курсы аяқталды.

Қорытынды шара салтанатты жағдайда өтіп, үздік шәкірттер марапатталды.

«Имани жаз» курсына қатысқан 45 шәкірт, оның ішінде, 25 ұл бала мен 20 қыз балаға арнайы «Алғыс хат» табысталды.

Құран кітап сыйлыққа беріліп, балаларға тәттілер үлестірілді.

Жазғы сауат ашу барысында шәкірттер Құран әліпбиі, дін мен діл, салт-дәстүрлер, Алаш тарихы, әдет-ғұрыптар бағыттарында білім алды.