Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде мүфтият жанындағы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Ардақ Сайынқызының ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті.
Жәрмеңке аясында әйел жамағаты үй жағдайында дайындалған кондитерлік өнімдерді әкеліп сатты. Түскен қаражат қайырымдылық акцияларына жұмсалады.
Сонымен бірге, мешітте жаңартылған тахаратхана қолданысқа берілді.