Атырауда «Медет» мешітінде «Жаназа рәсімдері мен әдептері» тақырыбына арналған рухани кеш өтті.
Жамағатқа арналған рухани кеш барысында «Медет» мешітінің бас имамы Мұхаммедкәрім Сматұлы адам қысылғаннан бастап жерлегенге дейінгі дүниелер туралы кеңінен ақпарат берді.
«Жаназа намазы – пенденің дүниедегі һәм өзгелердегі соңғы ақысы. Жаназасын шығару мұсылмандар үшін парыз кифая. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс» деп атап өтті Мұхаммедкәрім Сматұлы.