Атырауда облыс имамдарының қатысуымен бірқатар мектеп аулаларына тал егілді.
Игі бастама Азаматтық орталықтың қолдауымен «Демеу» жобасы аясында өткізіліп отырған «Мектеп бағы» іс шарасы.
Шараға қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы негізгі мақсатымыз экологиялық тәрбие беруге атсалысу екендігін атап өтті.
«Мектеп ауласын көгалдандыру арқылы оқушыларды еңбекке баулу, туған өлкенің табиғатын қорғауға үлес қосу басты мақсатымыз, – деді Бас имам.
«Мектеп бағы» жобасына қала, аудан мешіттері де өз үлесін қосты.