Атырауда мешіт көп балалы отбасының шатырын жөндеп берді

Атырау селолық мешіті көп балалы отбасыға көмек көрсетті.


Мешіт ұжымы төбесінен су кетіп тұрған үйдің шатырын жөндеп берді. Жөндеу жұмыстарына Атырау селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Тлепбергенұлы бастаған жамағат атсалысты.


“Бұл отбасының әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж. Біздің мақсатымыз – ауылымыздың осындай мұқтаж адамдарына көмек көрсету” дейді Атырау селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Тлепбергенұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.