Атырау облысы имамдарының Мақат ауданында өткен көшпелі мәжілісінде қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі талқыланды.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен өткен жиында Рамазан айы кезінде мешіттерде атқарылатын іс-шаралар жоспары пысықталды.
«Рамазан айындағы ауызашарлар, мешіттің ішкі-сырты тазалығы, тәртіп, санитарлық тазалық жұмыстарын қадағалау қажет. Сонымен бірге, Рамазан айында отыз күн арнайы бейнедәрістер топтамасын ұйымдастырып, жамағаттың көкейкесті сұрақтарына инфографикалық суреттер арқылы жауап беру форматын іске қосу керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.