Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде Атырауда мешіт қызметкері мылтықпен митингте жүр деген ақпарат тарады.
Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті аталмыш ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желіде мешіт қызметкері делінген адам облыстың бірде-бір мешітінде жұмыс істемейді. Жалған ақпаратқа сенбеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймын» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.