Атырауда митинг кезінде мылтықпен жүрген адам мешіт қызметкері емес

Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде Атырауда мешіт қызметкері мылтықпен митингте жүр деген ақпарат тарады.

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті аталмыш ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желіде мешіт қызметкері делінген адам облыстың бірде-бір мешітінде жұмыс істемейді. Жалған ақпаратқа сенбеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймын» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.