Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінде 50 отбасына киім-кешек таратылды.
Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жалғызбасты аналар, дімкәс адамдарды қамтыған шара аясында мұқтаждарға ересектердің, қажеттілігіне қарай балалардың да киімі таратылды.
Бірнеше жылдан бері орталық мешіт жанынан жұмыс істеп келе жатқан Қайырымдылық мекемесінде айына бірнеше мәрте тұрақты түрде ізгілік шарасы ұйымдастырылып келеді.
Қасиетті Рамазан айында өткен ізгі шара осылайша, 50 отбасына қуаныш сыйлады.