Атырау Мұстафа Өзтүрікті еске алды

Атырау қаласындағы “Сұлтан Бейбарыс” мешітінде алаш арыстаны Мұстафа Өзтүріктің 70 жылдығына орай құрбан шалынды.

Марқұмның рухына мешіт ұжымы және жамағат Құран бағыштады. Сонымен қатар, іс шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы келіп, уағыз насихат айтты.

Әлемге танымал, қазақ елінің біртуар азаматы Мұстафа Өзтүрік марқұмның өмірінен үзік сырлары мен ержүректілігі, ұлтжандылығы баяндалды.

Еске сала кетелік, Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (23.11.1954, Мұсаходжалы ауылы, Кайсери қаласы, Түркия, – 15.3.1995, Алматы) – белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.

Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. Белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, денесі Стамбұл қаласында жерленді.

Алла Тағала Мұстафа Өзтүрік атамызды рақымына бөлеп, рухын жұмақта шалқытсын!