Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, әйел адамдар арасында «Нәзік әлем» семинары өтті.
Семинарда облыстық “Иманғали “ орталық мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы “Алламен байланыс”, “Қоғаммен байланыс”, “Сезімдер не үшін жаратылған және оларды қолдану аясы”, “Өзін таныған , Раббысың таниды” тақырыптарында насихат айтып, дәріс оқыды.
«Құранмен ғана адам баласы Алламен тілдесу шыңына шығады. Таза діндар адам өз дұғасымен осы Құран арқылы Алламен сөйлеседі. Біздің бұл сөзімізді; «Раббыларың бұйырады; Маған дұға етіңдер, жауап берейін» («Ғафыр»,60) деп Алла Тағала тағы да ескерткен. Дұға – рахметтің кілті.
Бұл үшін алдымен «дін дегеніміз не, оны кімдер қалай ұстанады?» деген сөзге назар аударалық. Дін – сенім. «Алла Тағала; «Маған келетін тура жол осы – дін жолы» («Хыжыр»,41) деген. Ал сол сенімнің иелері кімдер? Білімділер, ғалымдар мен ілім иелері. Осы үшеуінің білу деңгейі үш түрлы болғанымен, ортақ діңгегі біреу – дін. Үшеуі сатылап отырып Құранда ескертілгендей Алламен сөйлесуге алып барады» деп атап өтті ұстаз Бақыт Амантайқызы.
Семинарға 35 адам қатысты.