Атырау облысында өткен жылы 8 мешіт күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан 3 мешіт ашылды.
Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Астанада өткен мүфтияттың есеп беру қорытынды жиынында айтты.
«Облыс бойынша асханасы бар мешіттер саны – 5, дүкені бар мешіттер саны – 8. Мешіттер жанындағы қызметтік үйлер саны – 3» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Өткен жылы мешіттер ауласына 1000-ға жуық тал егілді, 204 сенбілік ұйымдастырылды. Облыс бойынша мешіттердің барлығы 100 пайыз газбен қамтылды.