Бұл туралы Астанада өткен есеп беру жиынында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді.
«Өткен жылы Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ресми amin.kz сайтында 658 материал жарияланды. Жылдық қаралым 3 030 102-ні құрады. Бұдан бөлек, облыс мешіттеріне қарасты инстаграм, фейсбук, тик – ток және ютуб әлеуметтік желілерінде 155 парақша бар. Аталған парақшаларда өткен жыл ішінде 196 364 контент орналастырылды. Жалпы қаралым 8 736 040-ты құрады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.