Атырауда УГ 157/9 Ерлер түзеу мекемесінде карантиндік бақылауда отырғандар азаматтарға Қ. Мұңайтпасұлы мешітінің имамы Айтжан Оңғарбекұлы насихат айтты.
Насихат барысында ұстаз Айтжан Оңғарбекұлы еліміздің, жеріміздің қадір – қасиетін ұғыну, түрлі теріс ағымдарға түсіп қалудан сақтану керектігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Оңалту бағытындағы кешенді шара Атырау облысы “ Иманғали” орталық мешіті тарапынан әртүрлі дін қызметкерлерін жұмылдыра отырып тұрақты түрде жүзеге асып келеді.