«Құрбан малын онлайн форматта шалу үшін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беру жеткілікті. Әрі қарай жұмысты Атырауда құрылған арнайы штаб үйлестіреді» деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.
Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Штаб құрамында мешіт имамдары, тиісті мемлекеттік құрылымдар өкілдері бар. Сонымен бірге, онлайн тапсырыс берушіге фото, видео есеп жіберетін жұмыс тобы жасақталды. Бүгінгі таңда арнайы ет сақтайтын қоймалар әзірленді. Құрбан малының еті мұқтаж отбасыларға таратылады. Санитарлық талаптарды сақтау мақсатында құрбан етін еріктілер үйді-үйге жеткізеді» деп нақтылады Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, қасиетті Құрбан айт мерекесі 20 шілдеде басталады. Құрбандық Айт намазынан кейін шалынады.