Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітіне демеушілер Құранның жаңа кітаптарын тарту етті.
Сонымен бірге, Құранды қойып оқитын 20 рахила сыйға берілді.
«Барлығы 80 дана Құран Кәрім кітабы келуші жамағаттың қасиетті кітапты еркін меңгеруіне жол ашып отыр. Құран – күллі мұсылмвн үлгі алатын басты темірқазық. Демеушілерге Алла разы болсын» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.