Тәуелсіздік мерекесіне орай, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен атыраулықтарға көк Ту таратылды.
«Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Еліміз аман, жұрт тыныш болсын. Көк Туымыз мәңгілік желбіреп тұрсын деген ниетпен, эстафетаны барша қазақстандықтарға жолдаймыз» деді Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің жамағаты мен «Иман жастары» еріктілері атсалысқан акцияны Атырау тұрғындары жылы қабыл алды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.