«Иманғали» орталық мешіті ерікті жастары 700 балаға тәттілер таратты.
Игі бастама Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының қолдауымен жүзеге асты.
«Биыл елімізде балалар жылы болып жарияланды. Балалдың мерекесі бір күнмен шектелмейді. Жыл бойы дәстүрлі игі істерімізді жалғастырамыз» деп атап өтті Бас имам.
ҚМДБ жастар секторының өкілі Дәурен Арапбековтың айтулы шараны ұйымдастырып ерікті жастарды жұмылдырды.
Аталған шара облыстың барлық мешіттерінде жүзеге асты.