Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен кезекті көшпелі уағыз-насихат ұйымдастырылды.
Шараға жүзге жуық жамағат қатысты. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жиылған жамағатқа уағыз айтты.
«Қазақта күш бірлікте деген керемет сөз бар. Мешіт жамағаты өзара бөлінбей қандай да бір түйіткілді мәселелер болса бір елдің баласындай жұмыла әрекет етіп, шешуге тырысуымыз керек. Бізге бірлік, ауызбіршілік қажет. Шариғатымыз да бұл іске жауапкершілікпен қарауды талап етеді» деп атап өтті Бас имам.
Сондай-ақ, сұрақ-жауап ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Көшпелі дәріс келесі жолы Атырау қалалық Құспан молла мешітінде өтеді деп жоспарлануда.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.