Атырауда «Иман» мешіті 70 балаға көмек көрсетті

Атырауда «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында 70 балаға оқу құралдары табысталды.

Қайырымдылық шарасы Атырау қаласының жалпы білім беретін №27 мектепте өтті. Шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Ұстаздардың ұстазы Ы.Алтынсарин атамыз «бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық» деген. Оқыған тоқығаны мол, көзі ашық адам қазіргі бәсекелестік дамыған заманда кез-келген мамандықты игере алады. Қоғамға пайдасын тигізе алады. Жақсы мен жаманды айыра алатын ұрпақ болып қалыптасады. Ұстаздарға құрмет көрсетіп, білім жолында биік шыңдарды бағындыра беріңіздер» деп тілек білдірді Бас имам.

Шарада N27 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульфани Шакупқызы имамдарға алғысын жеткізді.