Акция аясында бүгін отыз отбасына ет таратылды.
Осылайша, жылдың алғашқы күні орталық «Иманғали» мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қамтылған қайырымдылық акциясымен басталып отыр.
«Жұма күні біз көптеген отбасыларға қуаныш сыйлауға тырыстық. Жұма қасиетті күн. Мұсылмандарға қуаныш сыйлайтын күн. Осы күннен бауырларымыз жақсылыққа үміттеніп, ізгі іс атқаруға ұмтылатын болса, бұл мақсатымыздың орындалғаны» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Сондай ақ, бүгін мешіт жамағатына бір реттік медициналық маскалар таратылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз -қызметі.