Қасиетті Рамазан айында орталық мешітте Тарауық намазын жүргізген қариларға құрмет көрсетілді.
Білікті қарилар Захиджан Гуламов пен Еркебұлан Сержанұлына жұма намазы кезінде құрмет көрсетіліп, дәстүрге сай шапан сыйға берілді.
Тарауық намазын жүргізіп, бір ай бойы Құранды Хатым еткен қариларға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылық атынан алғыс айтты.
«Сіздер үлкен іс атқардыңыздар. Рамазан – қасиетті Құран түскен ай. Осы кезеңде Құран оқып, мыңдаған адамның жүрегіне жылулық сыйладыңыздар. Істеріңіз берекелі болсын» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.