Рамазан басталғалы Атыраудағы «Мәулімберген» мешітінде 2500 адамға ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айы басталғалы бері Атырау қаласы, Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде 2500 адамға ауызашар берілді.

«Ауызашарлар демеушілердің көмегімен, қарапайым халықтың қолдауымен ұйымдастырылды. Рамазан кезінде мешітке келіп, құлшылық жасаушылар саны артты.

Рамазан көп адамға рухани қуат сыйлады деген сенімдемін» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Сонымен бірге, «Мәулімберген» мешіті Рамазан басталғалы Тарауық намазын жүргізген қарилар Айбек Шахидани мен Азамат
Абжаловты сый-құрметпен шығарып салды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.