Атырауда Сұлтан Бейбарыс 50 балаға сыйлық таратты (+ ФОТО)

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті 50 балаға Рамазан сыйлықтарын таратты.

Тәттілер салынған сыйлықтарды мешіт қызметкерлері еріктілермен бірге, қала көшелерін аралап жүріп, ойын алаңдарында үлестірді.

«Қазақта «Берсең, балаға бер» деген тамаша сөз бар. Біз балаларды қуантқымыз келді. Рамазан ұлық мереке. Оның жылулығын үлкен де, жас та, бала да сезінуі керек» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, бүгін қасиетті Рамазанның соңғы жұмасы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.