Қадір түні: Атырауда Құран жарысының жеңімпаздары марапатталды (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қадір түні кешінде Құранның отызыншы парасын жатқа айтудан сайысқа түскен балғын шәкірттерді марапаттады.

Рухани бәсекеде бірінші орынды Ахмад Аманкелді жеңіп алды.
Екінші орын Бекарыс Қуанышбайға бұйырды. Үшінші орынды
Шыңғыс Аманұлы және Жанарыс Тимурұлы өзара бөлісті. Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар сыйға тартылды.

Еске сала кетелік, дүйсенбі күні орталық «Иманғали» мешітінде Құран жарысы өткен болатын. Сайысқа қала, аудан мешіттерінен 20 шәкірт қатысты. Үміткерлердің білім деңгейін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған ұстаздар Саламат Иманғалиев, Наркес Боханов, Ерболат Боханов сарапқа салды.

Өзара бақ сынасқан шәкірттердің ең жасы 8 жастағы балғындар болды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.