Жылыойда 21 отбасына зекет таратылды (+ВИДЕО)

Жылыой аудандық орталық мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасыларға зекет таратылды.

21 отбасына 415 мың теңге көлеміндегі зекет таратылып берілді.

«Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни, Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Шексіз нығмет Иесі болған Алла мақлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан. 

Алла біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керектігін ескертеді» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Зекет» қоры жұмыс істеп келеді. Қор арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қаржылай, азық-түліктей көмек берілуде. Сонымен бірге, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж шаңырақтарға баспана беріліп келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.