Жылыойда орталық мешітте мұқтаж отбасыларға азық-түлік берілді (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Жылыойда орталық мешітте 30 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды.

Әрқайсысы 30 келі болатын азық-түлік пакеттерін Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев мұқтаждарға арнайы табыс етті.

«Қазақ «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» текті халық. Қазіргі таңда мешіттер қиналып жүрген бауырларымызға көмек көрсетуді үрдісін үздіксіз жалғастырып келеді. Рамазаннан Рамазанға аман-есен жетіп отыруды нәсіп қылғай» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.