Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінде екі ірі қара мал құрбандыққа шалынды.
Қажылар қауымдастығының ұйытқы болуымен құрбан шалу рәсіміне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты. Ел амандығы үшін дұға жасады.
Құрбан малының еті 22 отбасына таратылды. Мешіттің ұйымдастыруымен, құрбан еті мұқтаж шаңырақтардың үйді-үйіне жеткізілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.