Атырауда сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттерге құрмет көрсетілді.
Ұстаз Саламат Иманғалиевтан білім алып жатқан отыз шәкірт қазіргі уақытта Құранға түсіп, діни білімдерін одан әрі шыңдап жатыр.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы шәкірттерді осынау ерекше сәтпен құттықтап, Құран кітабын сыйға тартты.
«Қасиетті Құран-Кәрімде «Сендердің ішіндегі ең қайырлыларың Құранды үйреніп, оны басқаға үйреткендерің» делінген. Құран – әр мұсылманның бағдаршамы болуы тиіс. Үйреніп жатқан ілімдеріңізді ұрпақ тәрбиелеуге жұмсаңыздар» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.