Атырауда орталық мешітте ұлттық ойындардан жарыс өтті (+ ФОТО)


Ораза айт мерекесіне орай “Иманғали” орталық мешітінің ауласына киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар таратылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.
Атап айтар болсақ қол күресі, арқан тартыс, ләңгі тебу, асық ату, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен жамағат арасында сайыс өтіп жеңімпаздар марапатталды.
Сайыс нәтижесінде ләңгі тебуден жүлделі бірінші орынды Әділет Пазылғалиев, екінші орынды Орынбек Күмісбаев, үшінші орынды Қосай Молнияз иеленді.
Асық атудан бірінші жүлде Бимұрат Бердімұратовқа бұйырса, екінші орынды Қанат Нұрғалиев иеленіп, үшінші орынды Сайын Айдулат қанжығаға байлады.
Ал гір тасын көтеруде Досқалиев Досқали жүзден жүйрік атанса, Айдынов Дулат пен Гайсин Даурен екінші және үшінші орындарды місе тұтты.
Ал топтық сайы арқан тартуда бірінші орын “Качоктарға” бұйырса екінші жүлдені “Бірлік”, үшінші орынды “Атырау” тобы иеленді.
Барлық жеңімпаздарды өңірдің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы марапаттап алғыс хаттар мен қаржылай жүлделер табыстады.