Атыраудағы “Иманғали” орталық мешітінің дыбыс күшейткіш құралдары жаңартылды.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Зекет және қайырымдылық қорының» өңірдегі өкілдерінің ұйымдастыруымен орталық мешіт 8 жаңа дыбыс күшейткіш құралдарымен жабдықталды.
Жаңа құрылғыларды орнатуға септескен демеушілерге «Зекет және қайырымдылық қоры» ризашылық білдірді.


