Михайл Николлаевич Кузеря есімді орыс ұлтының өкілі ислам дінін қабылдады.
Мұсылмандықты қабылдаған 28 жастағы Михайлге «Иманғали» орталық мешітінің қызметкері Кәкімжан Мұрасқалиұлы кәлима сөздерін айтқызып, исламның негізгі парыздары мен иман шарттары туралы түсіндірді.
«Құран Кәрімде: «Уа, иман еткендер! Аллаға, Пайғамбарына һәм пайғамбарына бірте-бірте түсірген Кітапқа, сондай-ақ бұрын түсірген иләһи кітаптарға лайықты түрде иман келтіріңдер. Кімде-кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иланбай, күпірлік қылса, онда шүбәсіз, хақ жолдан мүлдем алыстап, қатты адасқан болады, – делінген («Ниса» сүресі, 136-аят).
Ислам дінін қабыл еткен адамның өткен барлық күнәсы кешіріледі. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ислам бұрынғы күнәларды өшіреді», – деген (Мүслім).
Ислам дінін қабылдап, мұсылман болған адамның ғұсыл құйынуы мұстахаб («әл-Жәуһарат ун-Нәйира», 1/146). Оған Ислам дініне қатысты керекті ілімдерді үйренуі, намаз оқуы, бай болса, зекет беруі, Рамазан айының оразасын ұстауы, шамасы келсе, қажылық сапарына баруы міндет болады» деп атап өтті «Иманғали» орталық мешітінің қызметкері Кәкімжан Мұрасқалиұлы.
Мейманға мүфтият баспасынан жарық көрген «Ихсан – основа духовного воспитания» кітабы табысталды.