Рамазанның әр күнінде қасиетті Құранды хатым еткен қарилармен бірге , Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ел мен жер амандығы үшін арнайы дұға жасады.
Қасиетті Рамазан айында, қадір түнінде тілеген дұға-тілектерімізді Алла қабыл еткей. Табиғи апат салдарынан су басқан өңірлердегі жұртшылыққа сабыр бергей. Топан судың беті қайтып, халқымыз үй-жайы мен, отбасына оралып, мамыражай күн кешуді нәсіп етсін. Алла тағала елімізді, жерімізді қауіп-қатерден сақтап, бейбіт мекен қылғай деп,-деп жамағатпен бірге дұға жасады.
Еске сала кетсек өңірімізде де кейбір аудан, ауылдарды су басып, тұрғындай эвакуацияланып жатыр. Оның ішінде, төтенше жағдай жарияланған Жылыой ауданында жағдай күрделі.