Атырауда Қадір түнінде орталық мешітке 7000 мыңға жуық адам жиналды

Қасиетті қадір түні кешінде орталық «Иманғали» мешітінде бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Облыстық Атырау телеарнасы бір сағат тікелей эфирде хабар таратты. Рамазан айының әр күнінде құран хатым еткен қариларға құрмет көрсетілді, хатымға қатысқан мешіт ақсақалдарына сыйлықтар берілді.

«Қадір түні барша мұсылман қауымы үшін қасиетті, берекелі түн. Адамзат баласының тағдыры жазылатын, тілек қабыл болатын түн. Жер бетіне періштелер түсетін, Алланың рахымы төгілетін қасиетті түн. Бұл түнді құлшылық, дұға, ізгі амалдар мен өткізуіміз керек. Келесі Рамазан айына дейін төрт көзіміз түгел қауышуды жаратқан нәсіп етсін деп,-тілегін білдірді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Қасиетті қадір кешінде мешіт имамдарының ұйымдастыруымен көшпелі уағыз-насихат, сұрақ-жауап өткізіліп, сыйлықтар табысталды.Сырттағы жамағатқа қолайлы болу үшін арнайы лэд экран құрылды. Таң рауандап атқанға дейін мешітте лық толған жамағатқа арнап, 500 адамға ауызашар және 500 адамға сәресі дайындалды. Тарауих намазынан соң ел амандығы үшін дұға оқылды.