Атырауда Қайырымдылық мекемесі мұқтаж жандарға көмектесті

Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру мекемесіне Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің жанындағы Қайырымдылық орталығы киім-кешек, арбалар табыс етті.

Қажетті заттарды мекемеге орталық «Иманғали» мешітінің азаншысы,»Зекет» қорының Атырау облысы бойынша өкілі Саламат Иманғалиев тапсырып, мұқтаж жандардың қашанда басты назарда екенін айтты.