Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі мұқтаж жандарға киім-кешек таратты.
Қайырымдылық шарасы 100-ден астам отбасын қамтыды.
Айта кету керек, Қайырымдылық орталығы апта сайын әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жалғызбасты, жетім, жесір отбасыларға киім-кешектей, азық-түліктей көмек көрсетіп келеді. Өткен аптада ғана Бейімдеу орталығына арба, қажетті киімдер жеткізілген болатын.
