Атырауда Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде көшпелі дәріс өтті

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ықшам ауданындағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде көшпелі дәріс өтті.


Көшпелі дәрісте белгілі ұстаздар Айтжан Абдиров, Наркес Боханов дәріс оқыды.

«Қоғам ішінде бүлікшілік пен алауыздықты тоқтату әрбір мұсылманның міндеті. Құран мен Хадис біздерге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы үшін кейбір істен бас тарту иманның кемелдігінен.

Әлемдік діндердің ешбірі қоғам тыныштығын бұзуға рұқсат бермейді. Сол секілді ислам дінінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Ең басты ерекшелігі қоғамды басқарушы әміршіге әрбір мұсылманның бағынуын, тыңдауын талап етеді.

Бұл туралы «Ей, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы әмір иелеріне бойұсыныңдар» (Ниса-59)» делінген. Демек, біздің мақсатымыз – бірлікті, ынтымақты нығайту» деп атап өтті ұстаз Наркес Боханов.

Рухани іс шара 150 адамды қамтыды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.