Атырауда Мәулітке орай рухани кеш өтті

Атырауда «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт кеші ұйымдастырылып, жамағатқа арналған рухани кеш өтті.

200-ге жуық адам қатысқан рухани кеште Алла елшісінің (с.ғ.с) өмірінен ғибратты өнеге айтылды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Пайғамбарымыздың өмірі күллі мұсылман қауымы үшін өнеге екенінатап өтті.

» Алла Елшісі (с.ғ.с) екі дүниеде үмбетіне құлшылық пен тіршіліктің озық үлгісін көрсеткен жан. Ата-ана, отбасы, Отан, досты сыйлау, бауырмашылдықты сөзімен де ісімен де көрсете білді. Сондықтан, көп салауат айтып, Пайғамбарға құрмет көрсетуіміз керек» деді Бас имам.

Жиын барысында ақсақалдар тілектерін білдіріп, мешіт ұстаздары уағыз айтты. Қарилар Пайғамбар (с.ғ.с) өмір тарихын оқып жамағатқа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Жиын соңында Мәуліт мерекесі қарсаңында өтетін іс-шаралар таныстырылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.