Мақат ауданында қайырымдылық турнирі өтті (+ ФОТО)

 Мақат аудандық орталық мешітінің және жамағаттарының ұйымдастырумен қайырымдылық турнирі болып өтті.

Футбол ойынынан ұйымдастырылған қайырымдылық турниріне 20 команда қатысты.

Тартысты өткен турнир нәтижесінде І-орынды «Бах-Нұр 30+» командасы жеңіп алды.

ІІ орынды «Доссор 30+» командасы, ІІІ-орынды «Мырза» командасы өзара бөлісті.

ІV-орын «Еркін командасына» бұйырды.

«Қайырымдылық турнирі аясында жиналған 310 мың теңге қаражат рак ауруына шалдыққан Руфина Жиреншеқызының туыстарына табысталды. Осылайша, мешіт жамағаттары қайырымдылық шарасына қатысу арқылы, науқастанып жатқан қарындасымыздың еміне үлес қосты» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.