Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы төрағалық еткен қабылдау комиссиясы құрамында білікті ұстаз, ғалымдар болды.
«Бүгін 17 шәкіртті оқуға қабылдадық. Облыстағы білікті ұстаздар орталықта дәріс беретін болады. Шәкірттерге әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіледі. Алла қаласа, үш жыл оқу мерзімін тәмамдаған соң облысымыздағы діни кадрлардың қатарын толықтыратына сенімдімін» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Айта кетелік, қазіргі таңда Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында онға жуық шәкірт білім алуда. Орталық жанынан жатахана құрылысы да қарқынды жүріп жатыр.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.