Жылыой мешіті 105 балаға оқу құралдарын тапсырды (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Жылыой аудандық мешіті көп балалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерді құттықтады.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 105 балаға сабақ құралдары, сөмкелер табыс етілді.

Мешіт ұстаздары балаларды білім күнімен құттықтап, сабақты жақсы оқуға шақырды.

«Еліміздің болашағын балалар жасайды. Сіздер алаңсыз білім алып, еліміздің дамуы үшін қызмет етулеріңіз қажет» деп атап өтті ұстаздар.

Еске сала кетелік, «Мектепке жол» акциясы аясында Атырау облысы бойынша мешіттер 1050 балаға оқу құралдарын табыс етті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.