Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құранға түскен қырық шәкіртке Құран кітабын табыстады.
«Алланың қасиетті кітабын жүзінен оқып, сауап алу үлкен бақыт. Кімде-кім өзінің Алла алдындағы дәрежесін білгісі келсе, Құранға деген қарым-қатынасына қарасын деген керемет сөз бар. Алла баршамызға Ахирет күні Құран шапағатына ие болуды нәсіп етсін»,-деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетсек, бірнеше жылдан бері Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Діни сауат ашу және Құран жаттау орталығы жұмыс істеуде.