Атырауда орталық мешітте Құрбан айт мерекесіне орай, ұлттық ойындардан жарыс өтті.
Атап айтқанда, қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыстан жеңімпаздар марапатталды.
Қазақ күресінен жүлделі бірінші орынды Багенов Дулат (100 000 тг), екінші орын Молдашев Біржан (80000тг), үшінші орын Абуов Нұрсұлтан (60000тг) иеленіп, қаржылай жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ, гір тасын көтеруден бірінші орын Багенов Дулатқа бұйырды.
Екінші және үшінші орындарды Досқалиев Досқали мен Бектемесов Бақтыбек өзара бөлісті.
Арқан тартыс ойынында бірінші орынды «Абырой» командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Гіршілер» командасы, үшінші орынды «Дзюдошылар» командасы иеленді.
Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер мен дипломдар табыс етілді.
Аталған шараны «Иманғали» орталық мешіті мен “Жәрдем – Атырау” коорпоративтік қоры бірлесе ұйымдастырды.