Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен биылғы Құрбан айт мейрамына дайындық мәселесі талқыланған алқалы жиын өтті.
Жиынға облыс имамдары мен әкімдік өкілдері қатысты.
» Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Құрбан айт мейрамын өткізуге байланысты бірқатар тапсырмалар берілді. Мерекені жоғары деңгейде өткізу, құрбан малын соятын орындар мен қасапханалардағы санитарлық тазалық, БАҚ құралдары мен әлеуметтік желіде құрбан айт мейрамы туралы дұрыс ақпараттар жариялау керектігін назарға алуымыз керек», деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы имамдардың біліктілігін арттыру, имамдардың оң иммиджін қалыптастыру мақсатында атқарылатын бірлескен жобалар туралы мәлімет берді.
ҚМДБ бекіткен бес негізгі жұмыс бағыты бойынша жауапты қызметкерлер есеп берді.