Атырау қалалық «Құспан молла» мешіті мен Зекет қайырымдылық қоры Атырау өкілдігінің ұйымдастыруымен №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ мекемесіне барып қарттарға құрмет көрсетті.
Қарттар үйіндегі қарияларға сый-сыяпат көрсетіліп, жеміс-жидек пен кәдесыйлар үлестірілді.
Шараға Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешұлы, Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров, Зекет қайырымдылық қорының Атыраудағы өкілі Арман Исаев қатысты.
Өмірдің әр түрлі сынына төтеп беріп келе жатқан сіздер сынды адамдар қай кезде де қолауға лайық. Асыл дініміз жасы үлкенге, ата-анаға құрмет көрсетуді бұйырады. Біз осы жолда сіздерді естен шығармай келіп тұрамыз. Мереке құтты болсын, ауырмай аман отырыңыздар деп тілегін білдірді Эммат Ғұмаров
Өз кезегінде ата-ананың қамқорлығына мұқтаж жандарды мемлекет қай кезде де қамқорлыққа алады деп атап өтті Қайролла Дүйсешұлы.
Жиын соңында мекеме басшысы мекеме басшысы Қилымқас Күзембаева әрқашан қолдау көрсетіп келе жатқан имамдарға алғысын жеткізді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.