Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы әйел ұстаздарды марапаттады

Ұстаздар мерекесінің құрметіне Атырау облысының орталық мешітінде салтанатты шара өтті.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен мешіттерде шәкірт тәрбиелеп, Құран ілімдері мен діни дәрістер үйретіп жатқан әйел ұстаздарға құрмет көрсетілді.

«Сіздер әрі ана, әрі ұстаз болып отбасының да, діннің де қызметінде жүрсіздер. Атқарып жатқан жұмыстарыңыз сауаптан болады. Мешіт жанындағы сауат ашу курстарында білім алған шәкірттеріңіз қазіргі таңда медресе мен жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр. Біз үшін бұл үлкен абырой» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Мереке құрметіне ұстаздарға кітаптар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.