Қасиетті Мұхаррам айының қарсаңында Атырау қалалық «Құспан молла» мешіті кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.
Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасына бірінші кезектегі азық-түлік пакеттері табысталды.
«Өмірде әр түрлі жағдайлар орын алады. Сынаққа сабыр етіп Алладан жәрдем тілегендердің тілегі қабыл. Біз мешіт тарапынан көмектерімізді жасап келеміз. Қайырымдылық – басты жеті бағытымыздың бірі. Осы орайда себепші болған жомарт жандарға да ризашылығымызды білдіреміз,-деп атап өтті Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Елдос Оташбаев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.