Атырауда Құспан молла мешітінде 50 отбасына азық-түлік таратылды

Қасиетті Мұхаррам айының қарсаңында Атырау қалалық «Құспан молла»  мешіті кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.

Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасына бірінші кезектегі азық-түлік пакеттері табысталды.


«Өмірде әр түрлі жағдайлар орын алады. Сынаққа сабыр етіп Алладан жәрдем тілегендердің тілегі қабыл. Біз мешіт тарапынан көмектерімізді жасап келеміз. Қайырымдылық – басты жеті бағытымыздың бірі. Осы орайда себепші болған жомарт жандарға да ризашылығымызды білдіреміз,-деп атап өтті Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Елдос Оташбаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.